«Қазақстанның экологиялық құқығы»
15 мамыр күні облыстық кітапханада Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеу шеңберінде «Зеленая планета» экологиялық лекторийінің отырысы өтті. Шараға №18 орта мектептің және «Облыстық дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей-интернат» мемлекеттік мекемесінің оқушылары қатысты.
Павлодар облысы бойынша Экология департаментінің экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы Мадина Бектаева «Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» тақырыбында дәріс оқыды, Павлодар облысындағы өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жою проблемалары туралы бейнематериалдар ұсынды, зиянды заттардың ауаны ластауы туралы статистикалық мәліметтерді мысал ретінде келтірді. Академик Қаныш Сәтбаевтың залында кітапхананың қонақтары ғалым - геологтың 120 жылдығына арналып таныстырылған құжаттармен және әдебиеттермен танысты.