«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты психологиялық тренинг

2 мамыр күні кітапханада «Айтолқын» жобасы аясында  қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әдептілік көрсету мақсатында  «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты тренинг өткізілді.

Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің педагогика жоғары мектебінің тәрбие және әлеуметтік сұрақтар бойынша вице – декан. Психология білім беру бағдарламасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистірі Рахимжанова Арай Бейсенбаевна студенттерге трениг өткізді.

Тренинг барысында теориялық бөлім мен бірге практика ұштастырды.

Қатысушылар өздерін емін еркін ұстап, өз ойлары мен ашық бөлісті.