«100 жаңа кітап» онлайн презентациясы
4 желтоқсанда «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Павлодар қаласының №43 мектебінің ұстаздары мен 10-11 сынып оқушыларына халықаралық кітап секторының қызметкері облыстық кітапхананың желілік ресурстары мен «100 жаңа кітапқа» бағытталған шолу өткізді. Іс-шара мемлекеттік тілге аударылған әлем әдебиетінің туындыларымен таныстыру мақсатын көздеді. Көрермендер кітапхана қорында бар әлемдік туындылардың қазақ тіліндегі нұсқаларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Онлайн презентацияға Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің кітапхана меңгерушісі Оспанова Сандуғаш қатысып, зияткерлік мектеп шәкірттерінің жаңа форматтағы оқулықтарды қаншалықты оқитынын атап өтті. Кездесу соңында мектеп ұстаздары сұрақтарын қойып, іс-шараның маңыздылығы туралы пікірлерін білдірді.