«Кайдзен негіздері» шеберлік сағаты

5 сәуір күні облыстық кітпаханада креативті шығармашылық орталығы қала жастарымен «Business community» жоба аясында «Кайдзен негіздері» тақырыпта шеберлік сағат ұйыдастырды. Шеберлік сабақты жүргізген кәсіпкер, кайдзен сарапшысы Ренат Кәрібай.

Кайдзен – «кай+дзен», яғни үздіксіз даму мағынасын білдіретін жапон философиясы. Өзіңді тұлға және маман ретінде, жұмысын мен өндіріс процесін, клиенттермен қарым қатынасты, тұтастай алғанда айналадағы бәрін үздіксіз дамыту. Өмірдегі барша мәселелерді де барынша жеңілдетуге болады екен. Кайдзеннің негізгі мақсатыда сол екен

Мастер-класқа колледждер мен жоғары оқу орындарының экономикалық мамандықтарының студенттері, сондай-ақ қала жастары қатысты.

Кездесу барысында спикер балаларға «кайдзен» ұғымы қайдан шыққандығы, оның философиясы неде екендігі туралы айтып берді. Мастер-класстың екінші бөлімінде қатысушылар екі командаға бөлініп, екі турдан тұратын бизнес ойын ойнады. Осы бизнес-ойындар арқылы жастар «5S технологиясын» игеріп, командамен бірігіп даму жолдарын тапты.

Екі сағат қас қағымда өтіп шықты. Сабақ соңында жастар өз пікірлерімен бөлісіп, жүргізушіге алғысын білдірді.