Облыстық кітапханада «Абай. Махаббат әуені» атты әдеби-музыкалық кеш өтті

Бүгін облыстық кітапханада «Абай күніне» орай жастар шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Абай. Махаббат әуені» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Іс-шара өскелең ұрпаққа тағылым ретінде Абайдың рухына тағзым етумен басталды. Ұлы ақынның мұрасын жастардың санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырлған шара жыл сайын өткізіледі. Бүгінгі жиынға да әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар, ұстаздар, қазыналы қариялар және қала жастары қатысып, өнерпаздар Абай өлеңдерін оқып, әндерін орындап шықты.

Қонақтардың арасында Ұлы ақынға арнап жазған жыр жолдарын тарту еткендер болды. Абай әндері бірнеше тілде шырқалды. Өзге ұлт өкілдері де Абай өлендерін шырқап, көрермен көзайымына айналды.

Абайдың өмір жолы бойынша сұрақтар қойылып, сұрақтарға көп жауап берген жеңімпазымызға ақынның «Қара сөздер» кітап жинағы сыйға тартылды.

Кеш соңында қонақтар «Ашық микрофон» форматында өткен жыр марафонына белсенді қатысты. Солардың арасында Оразбай Елдос, Тлеуберды Қарақат, Абаев Мағжан, Смағұлов Әділ, Каратаева Алинура және т.б.