Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін
5 шілде күні С. Торайғыров атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада «Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін» халықаралық мәдени-рухани экспедиция мүшелерімен кездесу өтті.
Ақмола облысы әкімдігі және «Отандастар қоры» қазақтың ұлы хандарының бірі, мемлекет қайраткері, дипломат және қолбасшы Абылай ханның 310 жылдығына арналған «Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін» халықаралық мәдени-рухани экспедициясын ұйымдастырды. Экспедиция мүшелері осы мерзімде «Отандастар қоры» өткізетін Моңғолия қазақтарының кіші құрылтайы ауқымындағы іс-шараларға қатысады.
Экспедиция 22 адамнан тұрады: қоғам қайраткері, экспедиция жетекшісі Ыдырысұлы Мұрат; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, жазушы, экспедицияның ғылыми жетекшісі Қайыркен Тұрсынхан Зәкенұлы; ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Qazcontent» АҚ Qazaqstan tarihy интернет-жобасының бас редакторы Хумарзах Алтынбек; экспедиция жетекшісінің кеңесшісі Идрисов Қанат Мұратұлы; Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері, тарихшы-ғалым Садуақас Бибігүл Бейсенбайқызы; кәсіпкер, өлкетанушы Борашов Раббим және т. б.
Кездесуге өлкетанушылар, тарихшылар, студенттер, кітапханашылар қатысты. Кітапхана қорынан «Қазақтың кемеңгер ханы – Абылай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.