Жасөспірімдердің әкімшілік және заңдық жауапкершіліктері
17 қазанда облыстық кітапханада «Жасөспірімдердің әкімшілік және заңдық жауапкершіліктері» тақырыпты құқықтық лекторийі өткізілді. Оған Павлодар қаласының № 34 мектеп оқушылары шақырылды. Павлодар қаласының солтүстік Ішкі істер басқармасының ювеналды полициясының аға инспекторы Айгерим Асетовна Сабитова мен ҚР ІІМ оқу Орталығының оқытушысы, подполковник Жанна Талаповна Абаильденова жасөспірімдердің әкімшілік және заңдылық жауапкершіліктері жайлы әңгіме қозғады.
Жастардың құқықтық сана сезімдерін ояту үшін «Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыпты әлеуметтік ролик көрсетіліп, бұндағы жағдай қызу талқыға түсті. Сонымен қатар, азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тарту Ережесі жайлы мәселелер қарастырылды.
Бұл құқықтық лекторий Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді.