Агроастрокүнтізбе: «Тамыздағы саяжай жұмыстары»
Облыстық кітапханада ардагер-бағбандардың кезекті кездесуі, «Наш очаг» клубының отырысы өтті.
12 тамызда саябақшылар маңызды мәселелерді талқылауға, жаздағы жетістіктерімен бөлісу үшін жиналды, жаз маусымы аяқталуға жақын. Бірақ жасалатын жұмыстар әлі де көп, түсімдерді шығынсыз жинау, дайындамалар әзірлеп, консервілеу, қатыру қажет, сондай-ақ жаңа піскен жемістерден дәм татып, ләззат алуды да үлгеру керек. Жаз мезгілі түрлі жидектер, құлпынай, қарақат, қарлыған, шие, жеміс дақылдары, түрлі сорттағы алма, алмұрт, өрік, жүзімнің көптігімен қуантты. Әуесқой бағбандар шай ішіп, әңгімелесуін жалғастырды. Қызықты жаңалықтармен бөлісіп, саябақтардан әкелінген жемістер мен жидектердің дәмін татты.