Академик Сәтбаев залының тұсаукесері
17 сәуір күні облыстық кітапханада көрнекті ғалым-геолог, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және Тұңғыш Президенті, қазақтың көрнекті ғалымы, Қазақстанның индустриялық дамуына, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының минералдық-шикізат базасын құруға және игеруге үлкен үлес қосқан Академик Қаныш Сәтбаевтың 120 жыл мерейтойы шеңберінде Сәтбаев залының тұсаукесер өтті.
Залда ғалымның өмірі мен қызметі туралы әдебиеттер жинақталған. Кітапхана қорында оқырмандардың барлық санаттары үшін құнды материал сақталған. Ұсынылған дереккөздерде ғалымның еңбектеріне, жас Сәтбаевтың күнделіктеріне, іскерлік жазбалары бар басылымдарға маңызды орын беріледі.
Іс-шараға Қ. И. Сәтбаев атындағы Баянауыл мемориалдық музейінің бас қор сақтаушысы Ерлан Зкіров қатысты. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері Мизан Жұмаділ және Аманболсын Жиналған ғалымға арнауларын орындады.
Павлодар қаласының колледж студенттеріне Баянауыл мемориалдық музейінің қорынан музей экспозициясы ұсынылды.