«Әке-отбасы тірегі» ақпараттық сағаты
16 маусымда С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында халықаралық Әкелер күні қарсаңында «Әке - асқар тау» атты ақпараттық сағаты өтті. Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі, шараның құрметті қонағы Ғалымбек Жұматов өзінің естеліктерімен бөлісіп, халықтың әдет-ғұрыптары мен отбасылық дәстүрлері туралы айтып берді. Досхан Серхазин мен ұлы Альтаир Үшкрибек отбасы туралы сұрақтарға жауап берді, балалар Руслан Гусейновтың «Әке туралы әңгіме» бейнеролигін көрді. «Әке-отбасы тірегі» кітап көрмесінде Қ.Омарұлы «Әке», Б.Момышұлы «Ұшқан ұя», Б.Момыш-ұлы «Әкеге Өрлеу», В.Голявкина «Менің мейірімді әкем» және т.б.кітаптар ұсынылды.
Балалар өздерінің отбасы және хоббилері туралы айтты. Іс-шара соңында Г. Жұматов жас ұрпаққа көп нәрсені үйренуді,табандылық пен мақсатқа жетуді тіледі.