АЛАҚАЙ, МЕРЕКЕҢМЕН, БАЛАҚАЙ!

С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы баршаларыңызды 1 маусым – «Балаларды қорғау күнімен» шын жүректен құттықтайды! Бала – бауыр етің! Балалар – біздің жарқын болашағымыздың, кемел келешегіміздің кепілі! Тәрбиелі, білімді, ұрпақ өсіру әрбір ата-ананың асыл парызы! Әр шаңырақта нәрестенің тәтті күлкісі естілсін! Бұл өмірде сәбидің барлығы да бақытты болу үшін жаралған! Мереке құтты болсын, достар!