«Алаш – ұлтты оятқан рухты сөз»

27 қараша күні тұңғыш академик, геолог-ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы аясындағы «Алаш – ұлтты оятқан рухты сөз» атты шара барысында Алаш рухын жаңғыртып, қазақтың рухани-мәдени байлығын дәріптеп жүрген «Қыр баласы» қоғамдық қорының қолдауымен жарыққа шыққан 9 кітабының тұсаукесері рәсімі өтті. Шараға келген павлодарлық жұртшылық «Қаныш Сәтбаев феномені», «Ұлтты оятқан ұлы сөз» сериясындағы «Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздері», «Міржақып Дулатұлының нақыл сөздері», «Халел Досмұхамедұлының нақыл сөздері», «Мұстафа Шоқайдың нақыл сөздері», «Әлихан Бөкейханның нақыл сөздері» және тағы басқа кітаптармен танысты.
Кітаптардың әрқайсысы – қазақ руханияты мен тарихының жаңа бір қырын ашатын, әсіресе қазіргі жастардың сана-сезімін оятатын, рухын көтеретін құнды еңбек деп санауға болады.
Тұсаукесер рәсімі барысында кітап авторлары мен құрастырушылары сөз сөйлеп, оқырмандарға шығармашылық идеяларын жеткізді.