Алаштың Арманы
Бүгін яғни 22-ақпан күні Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Баянауыл, Май аудандарының, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, ҚР мәдениет қайраткері, ақын Арман Қаниды еске алуға арналған «Алаштың Арманы» атты әдеби кеш өтті.
Шараның С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана мен облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі бірлесіп ұйымдастырды.
Шара барысында ақынның үзеңгілес достары, аға-апалары, зиялы қауым өкілдері ақын жайлы естеліктерін айтып, мектеп оқушылары мен студенттер Арман Бақтанұлының өлеңдерін жатқа оқыды. Сонымен қатар қаламыздағы 55/12 әскери бөлімінің сарбаздары да бұл шараға белсене қатысып, көпшілікке ақынның поэзиясынан өлеңдер оқып берді.
Арман Қанидың жары Бақыт Ақамбаева отағасы туралы жанұылық естеліктерін айтып, қолдап келген қауымға ризашылық көңілін білдірді.
Жиналғандар әдеби жиын соңында «Ертістің асау толқыны» атты Арман Қанидың кітаптары мен жеке заттары қойылған көрмені тамашалап естелікке суретке түсті.