АЛЕКСАНДР ФОН ГУМБОЛЬДТ

(1769 - 1859)

/ Көрнекті неміс ғалымы, саяхатшы, географ, Павлодар өңірін зерттеуші А. Гумбольдттың туғанына 250 жыл /
Көрнекті неміс географы, табиғат зерттеушісі және саяхатшы, өсімдіктер географиясының негізін қалаушылардың бірі, геофизик, Германия және Петербург Ғылым Академиясының мүшесі Александр фон Гумбольдт 1769 жылы 14 қыркүйекте Берлин қаласында дүниеге келген. Оның балалық шағы географиялық ашулар заманымен тұспа-тұс келеді. Франкфурт-на-Одер және Геттинген университеттерінен білім алады.
1790 жылы Франция, Нидерланды, Англия қалаларына өзінің алғашқы саяхатын жасайды. Парижге оралған соң алғашқы еңбектерін жаза бастайды. Көп кешікпей оның есімі тек Францияда ғана емес, оның шеткі аймақтарына да кеңінен тарайды.
Александр Гумбольдт Америкаға жасаған атақты саяхатын 1799 жылы бастаған. Ол Латын Америкасы, Мексика, Куба, Амазонканың біраз бөлігін, Ориноко, Атабапо, Касикьяре елдерін аралаған. Кейінірек, бес жылдан соң, Гумбольдт экспедициядан оралғаннан кейін оның есімі батыл саяхатшы ретінде әлемге таныла бастады. Көптен бері саяхатшы Ресей мен оның шалғайына барып қайтуды мақсат етті.
Зерттеуші-ғалым орыс тау-кен инженері В.Ю.Соймоновпен танысқан соң оның Ресейге деген қызығушылығы арта түседі. А.Гумбольд 1827 жылы желтоқсан айында ғана Ресей еліне саяхат жасауға келісім алады. Ол экспедицияға әзірленіп, Ресей елінің тарихы, географиясымен танысады.
Гумбольдт бастаған экспедиция Мәскеуден ары Екатеринбург, Тобольскі, Барнаул және одан ары Қазақстанның шығысына жол тартады. Ғалымдар Алтай таулы округының басты кендерін көруді көздеп, алтын мен күміске бай Риддер кен орындарын зерттеді. Сондай-ақ, Гумбольдт Орал және Каспий теңізіне кең саяхат жасаған. 1827 жылдың тамызында экспедиция Өскемен қаласынан Семейге жол тартады. Оңтүстік Барабин далаларын өтіп бара жатып, Гумбольдт декабрист С.М. Семеновпен бірге Павлодар Ертіс өңірінде саяхатпен жол тартады. Сонымен қатар, Сібірдің біршама қалаларын аралап, Каспий теңізінде болған ғалым-зерттеуші Мәскеуге 1829 жылы қараша айында Мәскеу қаласына жол тартады. Гумбольдт пен оның серіктері Ресей жеріне саяхат жасап, біршама жаңа мәлімет пен зерттеу жұмыстарын жинақтаған соң туған жеріне оралып, материалдарға өңдеу жұмыстарын жүргізе асырды.
Көрнекті неміс ғалым-зерттеуші, географ Александр Гумбольд 1859 жылдың мамыр айында тоқсан жасқа толар шағында дүниеден өткен. Ғалым көп еңбек етіп, ғылыми зерттеулер жасап, өзінен кейін көп құнды дүние қалдырды. Ғалымның 636 кітабы, көптеген зерттеулері, трактаттары кейіннен жарық көрді.

Ақпараттық бибилиографиялық қамтамысыз ету бөлімінің қызметкері
С.С.Жангазинова