Ардақты аналар! Аяулы арулар!
Сіздерді 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Көктемнің шуақты сәті аналарымыз бен аруларымыздың мейрамынан бастау алады. Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді. Әйел бақыты - жар сүю, ана болу, елге тұтқа, ұрпаққа пана болу. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие.
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Әрдайым жадырап, гүлдей құлпырып жүре бергейсіздер!
Құрметпен С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұжымы.