Ашық дәріс: «Алтын Орда ежелгі маталарының жұмбағы»
6 қарашада «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Алтын Орда ежелгі маталарының жұмбағы» тақырыбында ашық дәріс өтті.
Дәрісті Харьков (Украина) қаласынан келген археолог-реставратор, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университет жанындағы Margulan Centre эксперименталдық археология ғылыми қызметкері Татьяна Николаевна Крупа оқыды. Дәріс, Павлодар облысының аумағында Марғұлан Орталығының ПМПУ археологтары тапқан археологиялық тоқыма өнерінің ежелгі технологияларын зерттеуге арналды. Алтын парша, жібек, барқыт және жібек газы маталары – Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген дала
Ертіс өңірі халқының костюмдерінің бір бөлігі болды. Тыңдаушылардың назарына хабарлама тақырыбы бойынша бейне ұсынылды.
Іс-шараға Павлодар мемлекеттік университетінің жоғары колледжінің бір топ студенттері қатысты.