«Астана – елдің жүрегі» кітап көрмесі
4 шілде күні облыстық кітапханада «Астана – елдің жүрегі» атты көрмесінің ашылуы өтті. Көрме елімізде аталып өтілетін ең маңызды мерекелердің бірі - елордамыз Астана қаласының 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Көрмеге елорданың өткені мен бүгінінен сыр шертетін, Астананың қазіргі келбетін баяндайтын 40-тан астам елорданың маңыздылығын, алатын орнын, мәртебесін айқындайтын экспозициялар, фотоальбомдар, кітаптар қойылды.
Көрменің ашылуына Павлодар облысы «Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері және ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мамандары қатысты. Сондай-ақ қонақтар үшін көрмені таныстыру мақсатында шолу жасалып, кітапхана бойынша экскурсия жүргізілді.