«Атадан қалған асыл сөз»

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні аясында облыстық кітапханада бірнеше бағытта рухани-танымдық шаралар өтті. «Атадан қалған асыл сөз» тақырыбы аясында жергілікті жыршылармен жастар арасында кездесу өтті. Жыршылдық өнер - бабалардан жеткен ұлы мұра. Ал жыршыға тән белгі тек қана оқу емес, тыңдар қауымды баурап алар үн мен әртістік талап та керек. Осы орайда айтарлықтай жыршы Даниял Сабырұлы ағамыздың орны ерекше деп санаймыз.

Кездесу барысында Абайтанушы, жыршы Даниял Әсенов және оның шәкірті Павлодар қалалық №17 мектебінің 11-сынып оқушысы Айбек Ғалымжан жатқа көне жырларды оқып көпті таң қалдырды. Студенттер мен жоғары сынып оқушылары жырларды мұқият тыңдап, өнерпаздарға сұрақтарын қойды. Жүздесу барысында Абай, Мағжан шығармаларынан, Қобланды, Батыр Баян, Қыз Жібек жырларынан үзінділер оқылды.