«Ауыл кітапханасы ауылдық округ тұрғындары үшін ағартушылық және әлеуметтік – мәдени орталық ретінде»
3 маусымда облыстық кітапхананың «Кәсіби шеберлік мектебі» шеңберінде «Ауыл кітапханасы ауылдық округ тұрғындары үшін ағартушылық және әлеуметтік – мәдени орталық ретінде» тақырыбы бойынша Аққулы ауданы ОКЖ ауыл кітапханашыларын оқыту курсы ұйымдастырылды.
Бағдарламада: кітапхана бойынша экскурсия, психологиялық тренингтер, «Қызыл алма» арт-кеңестігі, «Выставка в библиотеке – пространство новых возможностей» шеберлік сыныптары. «Парасат жолы» орталықтарының жұмысы жайлы ақпарат және әдістемелік ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, кітапханашылар үшін CАNVA.COM көмегімен әлеуметтік желілерге афишалар мен анимациялар жасаудың Web – шеберлік-сыныбы болды.
Қазіргі заманауи кітапхана өз жұмысын жарнамасыз елестете алмайды. Кітапхананың жағымды бейнесін қалай жасау керек, оқу туралы ойды қалай қалыптастыру және кітапхананы әлеуметтік желіде қалай көрсету керек? Осының бәрін білу үшін «Кітапхана жарнамасы оқуды жылжыту құралы ретінде» шеберлік сыныбында керекті ақпараттар алды.
Курс кітапханашылардың көңілінен шықты. Әріптестеріміз бұл оқуда көп нәрсеге үйренгендерін жасырмады, бұнда «Кәсіби шеберлік мектебінің» сертификатына ие болды. Қатысушылар осындай кездесулердің жие болғаны жайлы ой білдірді.