«Әжемнің сандығы» атты фольклорлық мереке
19 ақпан күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Ұрпақтар сабақтастығы/Диалог поколений» жобасы аясында Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Әжемнің сандығы» атты фольклорлық мереке өтті.
«Беларусь» мәдени орталығының «Крыницы» ансамблінің қатысушылары белоруссиялық әжелердің сандығында не сақталатынын айтып берді. Оқушылар лаптидің неден жасалғанын, алжапқыштардың, көйлектер мен сүлгілердің және киімнің қалай тігілетіндігін білді. Осы және басқа да заттарды балалар қолданбалы өнер көрмесінде тамашалады. Қонақтар күн мен жердің гүлденуіне арналған Белорус халық мерекелері – қысты шығарып салу мейрамы Масленица мен Купалье мерекелері туралы әңгімеледі. Баяншының көңілді сазына балалар би билеп, «Кім жылдам табады» атты ойын ойнады. «Замандас» ардагерлер клубының вокалдық ұжымы халық әндерін әр түрлі тілде орындады.
Шара соңында әжелер барлық қонақтарды келе жатқан мерекемен құттықтап, «Шашу» рәсімін өткізді және келесі аптада өтетін қысты шығарып салу мерекесін тойлауға барша қатысушыларды шақырды.