Балалар көркемсурет мектебі оқушыларының сурет көрмесі
1 маусым күні «Айна» галереясында Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы оқушыларының балаларды қорғау күніне арналған сурет көрмесінің ашылуы өтті.
Экспозицияда мектеп жанындағы «Кішкентай бүлдіршіндер елі» өнер студиясында білім алатын 4 - 10 жас аралығындағы жас өнерпаздардың балалық шақ тақырыбындағы әр түрлі техникада орындалған суреттері: кескіндеме, графика, аралас техника ұсынылды.
Изостудия мектепте шамамен 30 жыл, ал мектеп 40 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде мектеп Қазақстанда және бүкіл әлемде жетістіктерімен танымал болды. Оқушылар жыл сайын қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысады. Мектеп мұғалімдері балаларда шығармашылық қиялын, қоршаған әлемге деген көзқарасын дамытады, бұл әр суретші үшін құнды. Көрмеде қазақстандық балалардың бақытты өмірін, олардың армандарын, қызығушылықтарын, ойындарын, сүйікті адамдарын бейнелейтін суреттерді көруге болады.
Кішкентай суретшілер өздерінің жетістіктері мен көрмеге қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар көрмеге белсенді қатысқаны үшін Облыстық кітапхана атынан алғыс хаттар кішкентай әртістерге табыс етілді: Алибекова Жанель (Ақсу қаласының балалар шығармашылық үйі), Ибрагимова Зарина (Павлодар қ. Балалар көркемсурет мектебі) және Екібастұз қаласының «Нұр шашу» үлгілі хореографиялық ансамблі.
Көрме 2022 жылдың 30 маусымына дейін жұмыс істейді.