Бақытты ана - бақытты балалар

12 мамыр күні кітапханада "Айтолқын" жобасы аясында Аналар мерекесіне орай "Бақытты ана - бақытты балалар" атты "Қазақ аналары - дәстүрге жол" бірлестігімен кездесу өтті.
"Қазақ аналары - дәстүрге жол" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы бойынша филиалының төрайымы Апсәттарова Айжан Әбілқайырқызы аналарды мейрамымен құттықтай отыра, ана мен бала тәрбиесі жайлы әңгіме өрбітті.
Іс-шара барасында Гүлден анамыз қыздарымен "Ана мен бала" әнін орындаса, Қ.Бекхожин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 1-сынып оқушысы Халимулла Нұрмұхамед мәнерлеп өлең оқыды.
Сонымен қатар "Ақ орамал" әжелер тобы ән шашу мен көрермендерге керемет көңіл сыйлады.
Кеш соңында "Асыл мұра" Ақсу қоғамдық бірлестігі және " Қазақ аналары - дәстүрге жол" мүшелері ұлттық бас киімдердің маңызы мен мағынасы туралы насихаттады.