«Кітап оқитын отбасының бенефисі»
14 маусым күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында кезекті «Кітап оқитын отбасының бенефисі» өтті. Кітапханаға қонаққа Колодиндер отбасы келді. Суретші, педагогикалық еңбек ардагері, режиссер Александр Иванович Колодин отбасындағы кітап оқудың рөлі туралы әңгімеледі.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының күміс еріктісі Наталья Колодина балаларды кітап оқуға баулу тәжірибесімен, немерелері Колодина Таира мен Черченко Дарья сүйікті кітаптарымен бөлісті.
Көрмеде оқылған кітаптар – Колодиндер отбасының бестселлерлері – әлем халықтарының ертегілері, В.Драгунскийдің «Денисканың әңгімелері», Ф.Купердің «Пионерлер», А.Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада», Ш.Айтматовтың «Плаха» шығармалары және отбасылық фотосуреттер қойылды.
Балалар «Отбасылық кітапханада қандай кітаптар болуы керек?» атты пікірталасқа белсенді қатысты.