«Зрение и компьютер» тақырыбындағы әңгіме
26 қыркүйекте облыстық кітапханада ПМПУ колледжінің студенттерінің қатысуымен «Зрение и компьютер» тақырыбында Айтолқын клубының кезекті отырысы өтті. Іс-шара «Ретина-Норма» клиникасының дәрігерлері Арғабаева Айсұлу Төлегенқызы, Балмағамбетова Әсел Өмірбекқызымен бірлесіп өткізілді.
Әңгіме барысында компьютермен жұмыс кезінде көру қабілетін сақтауға баса назар аударылды. Қатысушылар компьютер көзге қалай әсер етеді, компьютермен ұзақ жұмыстың зиянды әсерін қалай азайтуға болады деген сауалдарға жауап іздеді. Сабақ практикалық тапсырмалардың элементтері бар ойын түріндегі мотивациялық әңгіме формасында өтті. Студенттер көзге арналған гимнастикаға қызығушылық танытты, сұрақтар қойып, кітап көрмесі бойынша шолумен танысты.