«Библиографиялық «RESTART» - сана өзгерісі»
26 маусымда облыстық кітапханада облыстың ОКЖ директорлары мен библиографтары, С.Торайғыров атындағы ОӘҒК бөлімдерінің басшыларының қатысуымен «Библиографиялық «RESTART» - сана өзгерісі» атты дөңгелек үстел өтті. Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері мына көкейкесті мәселелерді қозғады: «Жаңа ақпараттық жағдайдағы библиограф мамандығы», «Өлкетану жүйелік технологиялары және библиографиялық қызмет», «Библиограф және құқықтық ақпарат».
Келген мамандар үшін «Open Space» форматында Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы жайлы және Кітапханатану және библиография кабинеті жұмысы жайлы ақпарат дайындалды, сонымен қатар, «Web-Rabis: жаңа мүмкіндіктер, мәселелер және талаптар» тренингі өткізілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар библиографиялық қызметтегі жаңа инновациялық идеялармен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды.