«Библиокеруен» жобасы халыққа қызмет көрсету орталығында
Павлов көшесі 48 мекенжайындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында «Облыстық кітапхана қорынан» атты кітап көрмесі мен ақпараттық ресурстары орталық келушілеріне таныстырылды.
Халықаралық кітап секторы шетел тіліндегі кітаптарға, үстел ойындары мен басқа де ресурстарға шолу жасады. Келушілер әртүрлі шет тілдеріндегі кітаптарды көріп қана қоймай, оқуға да мүмкіндік алды.
Сирек кітаптар залы ХІХ ғасыр ортасы мен ХХ ғасыр басындағы басылымдарды, қазақ баспасы мен қолтаңбасы бар кітаптарды, жоғары қызығушылық тудырған Париж қаласында 1777 жылы жарыққа шыққан ағылшын философы Джон Толандтың «Назарянин, или христианство иудеев, язычников и магометан» және 1915 жылы басылып шыққан «Сельскохозяйственный обзор Семипалатинской области за 1915 год» және тағы басқа кітаптарды ХҚКО келушілердің назарына ұсынды.
Көрмеде ұлы Абайдың 1945 жылы жарық көрген, алғы сөзін М. Әуезов жазған және 1936 жылы басылған өлең кітаптары да қойылды.