«Библиотеки СНГ: электронное сотрудничество» атты онлайн-форум
9 қараша күні С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Петропавл қаласында өтіп жатқан «Библиотеки СНГ: электронное сотрудничество» онлайн-форумына қатысты.
Іс-шараға Л. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, А. С. Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасы, А. Югов атындағы Қорған облыстық ғылыми кітапханасы қатысты. 15 жыл бұрын, 2003 жылы құрылған Ресей-Қазақстан электрондық кітапханасының «Шекарадағы кездесулерінің» мақсаты Ресей мен Қазақстанның екі халқының мәдениеттерінің ортақтығына байланысты құжаттардың электрондық коллекцияларын еркін пайдалану үшін Интернетте орналастыру болып табылады. Екі өңірдің пайдаланушылары күн сайын өсіп келеді. Сөз сөйлеушілер жоба аясында жыл сайын бірлескен онлайн-конференциялар, библиографиялық ақпараттармен алмасу, шекаралас кітапханалар арасында әдебиеттермен алмасу, өлкетанулық ресурстарды қалыптастыру, халықтар арасындағы достықтың нығайып келе жатқанын атап өтті. Халықаралық жобаны жүзеге асыруға Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің, Новосибирск, Астрахань, Челябинск, Омбы, Кемеров, Орынбор, Қорған облыстарының кітапханалары және Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарының кітапханалары қатысады. Қатысушылардың баяндамалары «электронды кітапханалар заманауи ақпараттық кеңістіктің форматы ретінде», «А. Пушкин атындағы МБЖЖ цифрлық құжаттары», «Интернет мәдениетаралық коммуникация құралы ретінде», «өлкетанулық ресурстарды құру және олардың онлайн кеңістіктегі интеграциясы» және т. б. мәселелерге арналды.