«Бір ел – бір кітап»
30 қаңтарда № 17 мектепте ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ұлы даланың данышпаны» атты тарихи кеш өтті. Шараға облыстық кітапхананың қызметкерлері қатысты. Кешке қатысушыларға «Бір ел-бір кітап» акциясы туралы және Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы бойынша шолу жасалды.