«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша 2021 жылдың қорытындысы
30 желтоқсанда ZOOM платформасында Академиялық Ұлттық кітапханада 2007 жылдан бері болып келе жатқан «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының 2021 жылғы қорытындысы жасалды. Барлығымызға мәлім 2021 жылдың таңдауы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» ұсынылған болатын.
Бұл отырысқа ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел қатысты. Барлық облыстық әмбебап ғылыми кітапханалары басшылары осы бағытта істелген жұмыстар жайлы қысқаша ақпарат берді. Кездесу соңында үздік жұмыс жасаған кітапханалар аталды, оның ішінде С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың жұмысына жоғары баға берілді.
«Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша Павлодар облысында 1077 іс-шара ұйымдастырылып, оған 41291 адам қатысты. Ендігі жылы да бұл жұмыс одан әрі өз жалғасын табады.