«Біз сені мақтан тұтамыз, Қазақстан!» атты патриотизм сағаты
8 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында С.Баязитов атындағы Балалар оқу орталығының қызметкерлері № 1 балабақша-мектеп-интернатының арнайы кешенінде көшпелі іс-шара «Біз сені мақтан тұтамыз, Қазақстан!» атты патриотизм сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, туған елге, оның тарихына, салт-дәстүрлеріне құрмет сезімін қалыптастыру болды. Кітапхана қызметкерлері өз сөзінде егемен Қазақстанды құру және нығайту, бірінші Президенттің Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасуына қосқан үлесі туралы айтып берді.
Балалар еліміздің тарихындағы ең маңызды сәттер, Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси жетістіктері туралы «Жүректегі Тәуелсіздік» атты деректі фильмін тамашалады. Сонымен қатар «Өз елінің патриоты» викторина ойыны өткізілді, онда қатысушылар еліміздің тарихы мен әдет-ғұрпы туралы тамаша білімдерін көрсетті және Қазақстан туралы патриоттық өлеңдер оқыды.
№ 1 балабақша-мектеп-интернаты арнайы кешенінің кітапхана меңгерушісі Б.А. Нұрғалиева «Тәуелсіздік пен Елбасы егіз ұғым!» атты кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттерге шолу жасады. Балалар ерекше ықыласпен Н.Ә. Назарбаевтың кітаптарымен, «Менің елім – Қазақстан» энциклопедиясымен, «Мен Қазақстан азаматымын», «Қазақстан тарихы» кітаптарымен танысты.
Іс-шара соңында жиналғандар «Атамекен» әнін бірге орындады.