«Болашаққа ұмтылған өлке» иллюстрациялық – кітап көрмесі
2023 жылы 15 қаңтарда Павлодар облысының құрылғанына 85 жыл толады.
Павлодар облысы – Қазақстанның ірі өнеркәсіптік орталығы, бай тарихы бар, ауыл шаруашылығы әлеуеті мен мәдени-тарихи мұрасы мол.
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Болашаққа ұмтылған өлке» атты иллюстрациялық – кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге Павлодар облысының тарихы, экономикасы, мәдениеті және өнері бойынша 100-ден астам кітап қойылды.
«Список населенных пунктов (в том числе аулов-кстау) и схематическая 10-ти верстная карта Казахстана: вып. XVII-ый Павлодарский уезд Семипалатинской губернии» (1928г.) кітабы оқырмандардың қызығушылығын тудырады. Кітапта 1926 жылғы санақ қорытындысы бойынша Павлодар уезінің елді мекендерінің толық тізімі берілген.
«Хронограф Павлодарской области. 1938-2008» атты басылымда Павлодар облысының тарихынан қазақ және орыс тілдеріндегі оқиғалар мен фактілер хронологиялық ретпен баяндалған. «Хронограф» 1938 жылғы 15 қаңтардағы тарихи күнмен ашылады, яғни «Қазақ КСР құрамында Павлодар облысы құрылды».
Бұл кітапты парақтай отырып, сіз Павлодар Ертіс өңірінің қалай өзгергенін, нығайғанын және өскенін көресіз және маңызды оқиғалар мен фактілерді таба аласыз.
Көрмеге қойылған кітаптар Павлодар облысының білім беру, даму және қалыптасу тарихы бойынша білімдерін кеңейтуге көмектеседі.
Көрме жыл бойы жұмысын жалғастырады. Көрмеге қош келдіңіздер.