Болашақ үшін күрескен

9 желтоқсанда көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай «Болашақ үшін күрескен» атты тарих сабағы өтті. Тұрар Рысқұловтың қызметі Қазақстан, Ресей, Моңғолия тарихында терең із қалдырды. Оның басшылығымен атақты Түрксіб – Қазақстан, Сібір, Орта Азияны байланыстыратын темір жол салынды. Өнеркәсіптің, білім берудің, денсаулық сақтаудың дамуына зор үлес қосты, Қазақстанда қорықтар құрудың бастауында тұрды, ашаршылық зардаптарымен күресті. Оның өмірі мен тағдыры Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романына арқау болды. Шараға №14 мектептің оқушылары қатысты. Оларға «Ғұлама. Тұлға. Тағдыр. Тағылым» атты кітап көрмесімен «Болашақ үшін күрескен» атты бейне ұсынылды.