Бөлме өсімдіктерін дайындау және қайта отырғызу
Облыстық кітапханада «Фиалочка» гүл өсірушілер клубының қатысушылары, әуесқой гүл өсірушілер бас қосты. 25 ақпан күні өткізілген іс-шарада бөлме өсімдіктерін отырғызуға оңтайлы жағдай жасау тақырыбы талқыланды. Бөлме өсімдіктерін өсіру бойынша үлкен тәжірибесі бар гүл өсірушілер Елена Владимировна Асеева және Елена Борисовна Просянникова стандартты сортты өсімдіктерді, шағын және жартылай шағын шегіргүлдерді қайта отырғызу бойынша ұсыныстарын және дұрыс отырғызу үшін белгілі бір шарттар ұстану керектігіне де тоқтала кетті, олар: қыш құмыраны оңтайлы таңдау, перлит қосылған топырақ сатып алу, барлық микроэлементтермен арнайы қоректендіру, қайта отырғызу кезінде тез тамыр алу үшін «жылыжай» дайындау. Қалемшелерді қоректендіргеннен кейін жапырақтары жасыл болады, содан кейін олар қайта отырғызуды жеңілдетеді.
Алайда, гүл өсірушілердің пікірінше, шегіргүлдерді табысты өсіру тыңайтқыштарға, жер қоспаларына және суаруға ғана байланысты емес екенін, сондай-ақ оларға қашан және не қажет екенін сезінуді үйрену керектігі мен оларды жақсы көру туралы жеткізді