«Бүгінгі күннің агромәдениеті» атты дөңгелек үстел
2021 жылдың 12 қазанында облыстық кітапханада «THE DEVELOPMENT FUND of AGRICULTURE» (бұдан әрі-TDFA) компаниясының «Болашақ Сәулетшілер» атты жобасы таныстырылды. TDFA қызметінің негізгі түрі Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын жүргізудің жаңа моделін енгізу болып табылады, ол әлемде алғаш рет вертикалды үйлестірумен қатар вертикалды біріктіруді де пайдаланатын болады.
Іс-шараға TDFA Қорының Павлодар облысының өңірлік өкілі Н.Ж. Нығметов және «Ертіс» Жоғары инновациялық аграрлық колледжінің студенттері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар сұрақтарға толық жауап алды, компания қолданатын әдістерге өз көзқарастарын білдірді.