«Тиімді коммуникациялар негіздері: ешкімге ауыр тимейтіндей етіп қалай келісу керек»
26 мамыр күні «Business community» жастар жобасы аясында «Тиімді коммуникациялар негіздері: ешкімге ауыр тимейтіндей етіп қалай келісу керек» атты воркшоп өтті. Тренингті қазақстандық ғалымдар туралы «Gylym Faces» ағартушылық жобасының негізін қалаушы, журналистика курсының экс - продюсері және «Нетология» онлайн-мамандықтар университетінің сарапшысы Анастасия Горбунова өткізді.
Іс-шараға Павлодар қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары, Павлодар облысы Әділет департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ мектеп оқушылары, студенттер және қаланың белсенді жастары қатысты.
Кездесуде тренингке қатысушылар өз ойларын анық және қарапайым жеткізе білу, адамдарға көзқарас табу, қойылған мақсаттарға қол жеткізу туралы білді.
Қатысушылар жаңа ақпарат алып қана қоймай, оны бірден іс жүзінде пысықтады. Тапсырмаларды орындау кезінде олар міндеттер қойып, оларды орындайтындардың рөлінде болды. Анастасия тапсырмаларды қоюдағы қателіктермен күресуге көмектесті, тренингке қатысқаны үшін барлығына алғысын білдірді және өмірде сәттілік тіледі.