«Бір халық, бір ел»
22 ақпанда Алғыс айту күніне орай С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында ZOOM платформасында «Бір халық, бір ел» атты кездесу сағаты өтті.
Іс-шараға №39 ЖОМ 6 «Д» сынып оқушылары және Павлодар облысының фин-угор этномәдени орталығының төрайымы Ольга Леонидовна Николашина қатысты. Ол мерекенің шығу тарихы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, орталықтың ең қызықты жобалары туралы айтып берді. К.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің фин-угор бөлімінің оқушылары қазақ, орыс, фин, мордовия және удмурт тілдерінде әндер орындап, өлеңдер оқыды. Сондай-ақ кездесу барысында қонақтар мен қатысушылар Достық үйінде еліміздің түрлі этностарының жиналуына, өз мерекелерін атап өтуге, өскелең ұрпақты салт-дәстүр мен тілге үйретуге мүмкіндік бар екенін атап өтті. Кездесу сағаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді.