«Тарихы терең, болашағы жарқын өлке=Край, устремленный в будущее» ақпараттық сағаты
Бүгін облыстық кітапханада Павлодар облысының 85 жылдығына арналған «Тарихы терең, болашағы жарқын өлке = Край, устремленный в будущее» ақпараттық сағаты өтті. Павлодар облысы - электр және отын энергиясын, алюминий тотығын, мұнай өнімдерін, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібін, құрылыс материалдарын өндіруге бағытталған көп салалы өнеркәсіп кешені болып табылатын Қазақстанның ірі өнеркәсіп орталығы.
Шара барысында Павлодар облысының алғашқы жылдардан бастап бүгінгі күнге дейінгі қалыптасуы мен дамуы туралы сөз болды. Кітап бойынша әдебиеттерге шолу жасап, «Тарихы терең, болашағы жарқын өлке = Край, устремленный в будущее» кітап және иллюстрациялық көрмесін ұсынды. Сондай-ақ өңіріміз туралы бейнеролик көрсетілді.
Шараға қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысып, Павлодар облысы туралы әдебиеттермен үлкен қызығушылықпен танысты.