«Құрметтің ең биігі-алғыс» кездесу кеші

29 ақпанда  Алғыс айту күні қарсаңында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Халкъан Барт» шешен-ингуш бірлестігімен «Құрметтің ең биігі-алғыс» атты ақпараттық сағат өтті.

23 ақпан 1944 жылы Шешен-Ингуш автономды советтік социалистік республикасынан Қазақстанға күштеп жер аударғаннан.  Шешендер мен ингуштарды «халық жаулары» ретінде депортациялау үшін жүргізілген «Чечевица» операциясы деп айтылды.

Ұстаз Карина Мұратқызы Фаргиева шешен халқының жер аударылғанын айтып, қиын-қыстау заманда жалғыз қалдырмаған қазақ халқына алғысын білдірді.

«Вайнах» ансамблінің солистерінің «Хел Хаза» және «Менің Қазақстаным» әндері, Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің шешен-ингуш бөлімінің оқушылары шешен тілінде орындаған әсем билері мен өлеңдері көрермендерді бей – жай қалдырмады.