«Чернобыль – ғасыр трагедиясы» кездесу-кеші
20 сәуір күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Чернобыль АЭС-індегі апаттың 35 жылдығына арналған «Чернобыль – ғасыр трагедиясы» атты кездесу-кеші өтті. Кездесуге «Чернобыль Одағы» бірлескен ұйымының төрағасы Деймунд Виктор Георгиевичпен бірге ЧАЭС таратушылары - Мұрат Батович Сабитов, Александр Анатольевич Осипов, Николай Сергеевич Завгородний, Бекболат Нығманұлы Пішенбаев, Владимир Иванович Кадькало, Арнұр Мәдениетұлы Байкулов.
ЧАЭС апатының куәгерлері әскери өмірлерінен естелік айтып, өздерінің ортақ іске қосқан үлестері туралы жастарға әңгімелеп берді. Ақпараттық технология колледжінің студенттері ойландырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Кітапхана атынан қатысушыларға кездесу кешінен естелік кітап сыйға тартылды.