Chill Out Aimaǵy
«Кітапхана түні» аясында абонемент бөлімінде Chill Out Aimaǵy ұйымдастырылды. Осы кеште абонемент бөліміне келген оқырмандар «Саусақ ұшындағы әлем» атты рельефті – нүктелік форматтағы кітаптардың таныстырылымына қатысты.
2017 жылдан бастап Жанашыр орталығының қызметкерлері көзі нашар көретін және зағип оқырмандарға арналған «Ертістің Павлодар өңірінің әдеби мұрасы» атты жобасы шеңберінде рельефті – нүктелік форматтағы кітаптарды шығарады. Осы уақыт ішінде павлодарлық ақындардың 5 кітабы жарық көрді. Жобаға кірген кітаптардың авторлары тұсаукесер кешінің құрметті қонақтары болды. Олардың ішінде танымал ақындар- жазушылар мен журналистер – Ғалымбек Жұматов, Назымбек Дүкенбай, Ольга Григорьева, Елена Игнатовская. Кешке қатысушылар, көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасының оқырмандары мен қызметкерлері авторлық орындаудағы өлеңдер мен әндерді тыңдады.
Ары қарай кеш әдеби білгірлерге арналған эмоджи- викторинамен жалғасты. Көрермендер эмоджи- смайлдар арқылы жасырынған кітаптардың аттарын тапты. Содан соң «Үлкендер» мен «Кішілер» деп аталатын 2 топ эмоджи сұрақтар құрастырды. «Кездесу» қорытындысы – 3: 3 болды.
«Ақындардың өміріндегі күзгі сарын» атты поэзиялық кездесу Фариза Оңғарсынова мен Сергей Есенинің шығармашылығына арналды. Павлодарлық ақындар, «Истоки» әдеби- музыкалық клубтың мүшелері Фариза Оңғарсынова мен Сергей Есенинің өлеңдерін оқып, әндерін орындады.
Қазіргі және классикалық әдебиеттің әуесқойлары мен білгірлері әдеби аукционға жиналды. Ұсынылған шығарма үзінділерінен кітап авторларының есімдерін және шығармаларын тапты. Дұрыс тапқан жеңімпаздар сол кітаптарды сыйға алды. Қатысушылар осындай «жылы» атмосферада қайтадан кездесуге ниет білдірді.