Цветаевтар көрмесі
18 мамыр күні Халықаралық мұражайлар күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада павлодарлық Анастасия Цветаева мұражайы ұйымдастырған «По следам Цветаевых» атты фотокөрме жұмысын бастады. Көрменің ашылуына Ресейдегі Владимир облысы Александров қаласындағы Марина және Анастасия Цветаевалар әдеби-көркем мұражайының ғылыми хатшысы, фотолардың авторы – Эльвира Калашникова қатысты.
Фотоларда сол екі есіммен байланысты көптеген орындар көрсетілді. Бұл көрме 2016 жылы Павлодарда өткен «Цветаевские места России» атты көрменің жалғасы болып саналады. Жаңа көрменің географиясы кеңейді: Прага, Берлин, Дрезден, Қазақстандағы Павлодар мен Көкшетау және т.б.
Анастасия Цветаеваның немересі Зеленин Геннадий Васильевич өзінің бала кезіңдегі әжесі жөніндегі естеліктерімен бөлісті. Көрмеге Павлодарлық жастар және зиялы қауым қатысты.