«Қызықты сұхбат» жобасы. Дәрігермен онлайн режимінде кездесу
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана «Қызықты сұхбат» жобасының аясында бірқатар онлайн-кездесулер ұйымдастырды. 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні. Осы күнге орай №2 қалалық емхананың дәрігері Абильхаков Әділбек Рашитұлымен кездесу өтті. Әңгіме барысында өзіңізді және жақындарыңызды вирустық аурулардан қалай қорғауға болады, көктемгі витамин жетіспеушілігі кезінде иммунитетті қалай жоғарылатуға болады, коронавирустық инфекция кезіндегі D дәрумені, зімбір және БЦЖ вакцинациясының маңызы туралы сұрақтар қойылды.
Іс-шара кітапхананың Инстаграмдағы ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді. Кездесудің видеосы басқа әлеуметтік желілердің парақшаларында да жарияланған.