Дебюттік фотокөрме
Жас фотограф Лина Сорокинаның «Өзбекстан» дебюттік көрмесі бүгін облыстық кітапхананың «Айна» галереясында ашылды. Өзбекстанның үш көне қалалары – Самарқанд, Бұхара және Хивада саяхаттау кезінде түсірілген 60-қа жуық фототуындылар көрмеге келушілер үшін осы таңғажайып елдің жаңа қырларын ашты.