«Керей ауылындағы достық күні»
24 қазан күні шекарааралық ынтымақтастық шеңбері аясында және Шарбақты ОКЖ-ң «Библиодостық» пен облыстық кітапхананың «Кітап. Тұлға. Заман» жобаларын іс-жүзіне асыру мақсатында орталық аудандық кітапхана мамандары мен Абай ЖОББМ Ресей Федерациясының Құлынды ауданындағы Керей ауылына «Шарбақты жастары – Тәуелсіздік жолында» атты бағдарламамен іссапарға барып келді. Кітапханашылар өзара жұмыс тәжірибелерімен алмасты, шекарааралық бірлесіп жұмыс істеу жоспарларын талқылады.
Шарбақты оқушылары Ұлы Абайдың шығармаларын оқыды, ресейліктерді атақты жерлесіміз Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылығымен таныстырды және Павлодар музыкалық колледж оқушылары домбырамен Рустембек Омаровтың «Жастық шақ» және Дина Нұрпейісованың «Науай» күйлерін асқан шеберлікпен орындады.
Керей ауылының Мәдениет үйіндегі фойеде ұйымдастырылған «Кітап. Тұлға. Заман» атты кітап көрмесінде оқырмандарға Абайдың, жерлесіміз Мұзафар Әлімбаевтың және «Бір ел - бір кітап» акциясы аясындағы Ә. Кекілбаев пен Ә. Тәжібаевтың шығармалары ұсынылды.
Керей ауылының оқушылары да бізді өздерінің би және әндерімен қуантты.
Іс-шараға «Мирабилитское» ЖШС Бас директоры Фишер В.В., Керей орта мектебінің директоры, РФ «Құрметті ұстазы» Баринова Нұрғайша Ғайсақызы және ауыл тұрғындары қатысты.
Екі ауданның кітапханашылары өзара кітаптармен алмасты.