«Под сенью цветущей сакуры: эти невероятные японцы» этнография күні
19 қаңтарда «С книгой по планете» атты кітапхананың жаңа жобасы іске қосылды, ол жастардың әлем халықтарының тілдеріне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. «С книгой по планете» атты жоба аясында алғаш рет «Под сенью цветущей сакуры: эти невероятные японцы» этнография күні өтті.
Дарынды балаларға арналған №8 лицейдің оқушылары самурай, сакура, икебананың ғажайып әлемін ашты. Мектеп оқушылары жапон мәдениеті мен әдебиетінің ерекшеліктерімен танысты. Жапон тілінің шағын сабағында сәлемдесу, қоштасу, достарға, ата-аналарға үндеу сөздерін айту, жапон тілінде тағзым етуді үйренді. Кеш барысында олар Мария Ивановна Макаревичпен оригами қағазынан қолөнер жасау техникасымен танысты. Көрермендер «ЖІГЕР» балалар мен жасөспірімдер клубының» қосымша білім беру пәнінің мұғалімі Дмитрий Александрович Авдеев шәкірттерімен бірге өткізген джиу-джитсу және дзюдодан демонстрациялық қойылымдарды және шеберлік сыныбын тамашалады.
Жапон музыкасы, «Японский танец с веерами» бейне көрсетілімі және «Удивительный интересный японский язык» кітап көрмесі ерекше әсер қалдырды.