Кітапханадағы қазақ ұлттық киімі мен әшекей бұйымдары күні

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана әр айдың 15 күні – ҰЛТТЫҚ КҮН деп жариялады. Жобаның басты мақсатықазақ халқының рухани құндылықтарымен таныстыру.

15 ақпан – Қазақ ұлттық киімі мен әшекей бұйымдары күні

15 сәуір – Қазақ ұлттық тағамдары күні

15 мамыр – Қазақ халық ертегілері күні

15 маусым – Қазақ ұлттық жеті қазына күні

15 шілде – Қазақ ұлттық ойындары күні

15 тамыз – Қазақ ұлттық аспаптары күні

15 қыркүйек – Қазақ тілі күні

15 қазан – Қазақ ұлттық биі күні

15 желтоқсан - Қазақ ұлттық ою-өрнегі күні

Жоба ақпанның 15 күні сағат 11.00-де «Тақия тігу» шеберлік сабағымен және «Аламан көрпе», «Тақия Фест», «Көрпе Фест» фестивальдерінің қатысушысы және жеңімпазы Ғалия Сұңғатованың жетекшілігімен Атамекен ауылы көпшілік кітапханасында «Сырғалым» атты жобасына қатысушыларының және облыстық кітапхана қызметкерлерінің дефилесімен басталды. «Ұлттық құндылықтар - еліміздің рухани қазынасы» атты кітап көрмесі көрермендерді қазақ халқының ұлттық киімі мен әшекейлерімен таныстырды. Сонымен қатар кітапханада ұлттық бұйымдар көрме-жәрменкесі ұйымдастырылды.