Ұлттық валюта күні
14 қараша күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Ұлттық валюта күніне – теңгеге арналған «кешкілік іс-шара» өтті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Павлодар филиалының қаржылық қызметтер бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау және ұйымдарды қаржыландыруды бақылау бөлімінің жетекші маманы Отарбаев Фархат Қазақстанда теңгенің пайда болу тарихы мен енгізілуі туралы айтып берді, сонымен қатар кеш қонақтары Павлодар техникалық қызмет көрсету және ИнЕУ колледждерінің оқушылары мен педагогтары арасында викторина өткізді.
Кітапхана мамандары түрлі елдердің кітап көрмелеріндегі әдебиеттерге және монеталары мен купюралары жайлы көрмелерге шолу жасады. Оқушылар ақша туралы мақал-мәтелдерді еске алып, теңге туралы жұмбақтар шешті. Іс-шараға 40-тан астам адам қатысты.