Дені сау ұрпақ – мемелекет байлығы
23 қазан күні облыстық кітапханада онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша Ұлттық бағдарламаның аясында ПМПУ колледжінің студенттері үшін «Айтолқын» клубының: «Профилактика рака молочной железы» атты дәрістік сабағы өткізілді. Аталмыш шара «Салауатты өмір салтын қолдау орталығының» дәрігері Г.Б. Сакановамен бірлесіп жүзеге асырылды.
Шара барысы сүт безі обырының пайда болу себептері туралы ақпаратпен және дерттің алдын-алу әдістері туралы бейне-презентациямен сүйемелденіп отырды. Студенттер кітап көрмесін тамашалап, онкологиялық аурулардың алдын алу кітапшаларымен табысталды.