«Инклюзивті мәдениетті қалыптастыру: мақсат және іске асыру» диалог алаңы

20 қарашада Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Инклюзивті мәдениетті қалыптастыру: мақсат және іске асыру» тақырыбында онлайн диалог алаңы өтті. Диалог алаңы Қазақстан мен Ресейдің кітапхана мамандарын біріктіріп, инклюзивті жобаларды жүзеге асыруда тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Семинарға қатысушылар арасында А.П.Чехов атындағы Краснодар облыстық зағиптарға арналған арнайы кітапханасының, Челябі облыстық нашар көретін және зағиптарға арналған арнайы кітапханасының, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектердің «Үміт - Надежда» қоғамдық бірлестігінің өкілдері болды. Кітапханашы Б.И.Әубәкірова «Кітапхана тең мүмкіндіктер кеңістігі» тақырыбында баяндама жасап, ерекше қажеттіліктері бар оқырмандармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. «Жұлдыз-ай» балалар инклюзивті фестивалі мен Павлодар Ертіс өңірінен шыққан ақын-жазушылардың шығармаларын басып шығаруға арналған «Брайльдегі Павлодарлық кітап» жобасы қатысушылардың ерекше қызығушылығын оятты.