ДИРЕКТОР ЖАНЫНДАҒЫ КЕҢЕС
16 маусымда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Павлодар облысы ОКЖ және облыстық кітапхана бөлімдері басшыларымен директор жанындағы кеңес жиыны болды.
Кеңес тақырыбы - 3 маусымда Алматы қаласы ҚР Ұлттық кітапханасында өткен Қазақстандық Кітапханалар Одағы (КБС) мүшелерінің, Қазақстанның облыстық кітапханалары директорларының жұмыс отырысының қорытындысы.
Облыстық кітапхана басшысы Ш.Шахметова ҚКО (КБС)-ң ұйымдастыру мәселелері және 2020 жылы қолжетімді кітапханалар қызметі жайлы сөз қозғады.
Бүгінгі таңда барлық жүйе және барлық ведомствалар бойынша 11 124 кітапхана жұмыс істейді, оның ішінде: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ведомствасында – 3898 кітапхана, Білім және ғылым министрлігі бойынша – 7134, ҚР Денсаулық министрлігі, «РНТБ» АҚ, «Қазақстан Темір жолы» АҚ - 92 кітапхана. Кітапханалық мамандар саны – 19175 адамды құрайды, оның ішінде – 9000 жалпы қолжетімді кітапханалар мамандары.
Шолпан Баянқызы Шахметова жаңа форматтағы Алматы қаласындағы Alatau Creative Hub кітапхана жұмысы жайлы, Қазақстан жазушылары кітапханасы, American Spage Almaty, Жамбыл атындағы жасөспірімдер қалалық кітапханасы жайлы ақпараттармен бөлісті.
Алматы қаласы бойынша барлығы 10 кітапхана модернизацияланған. Және онда Medeu Creative Hub ашылуы жоспарлануда. Осы жуырда С.Торайғыров атындағы Павлодар ОӘҒК - да Macer Spage ашылады.
Сонымен қатар, Қазақстанның кітапхана ісінің көрнекті қайраткері Н.К.Даулетованың 95 жылдығына орай «2021 жылдың ең үздік жас кітапханашысы» республикалық сайысы және оған қатысу Ережесі жайлы ақпаратпен бөлісті.
Қазақстандық кітапханалар одағы (КБС) жиынында талқылаған мәселелердің ішінде: облыстық кітапханалардың облыстық арнайы кітапханалармен бірігуі жайлы, төмен жалақы мәселесі, әсіресе С категориясындағы қызметкерлердің, кітапхана техперсоналында сауықтыру жәрдемақысының жоқтығы, негізгі лауазымды жалақының төмендігі (БДО), (міндетті түрде негізгі лауазымды төлем бағасы (БДО) 42500 тенгеге дейін көтерілуі қерек), жеңілдіктердің жоқтығы, оның ішінде, зиян (шаң) үшін төлем, қонақжайлылық шығындардың (шараларды өткізуге арналған қаржыландырудың) жоқтығы.
Осымен қатар, Кеңесте біздің аймақ (Павлодар) кітапханаларының мәселелері талқыланып өтті, әріптестер өзара 2021 жылдың 2-жартысында болатын жоспарларымен және өз ойларымен бөлісті, нақты айтатын болсақ, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың 125 жылдығы, Қазақстандағы балалар және жасөспірімдер оқу жылын қолдау, «Парасат жолы» жобасы жайлы және б.